«Тобылдың» тізгінін поляк бапкері ұстады

«Тобылдың» тізгінін поляк бапкері ұстады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Тобыл» футбол клубына жаңа бас бапкер келді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Марек Зуб қостанайлық клубпен жыл аяғына дейін келісімшарт жасасты. Дегенмен, екі тарап бұл келісімді бұза алады.

Марек Зуб поляк тілінен бөлек, орыс тілін жетік меңгерген. Осы уақытқа дейін ресейлік «Салют-Энергия», «Краснодар», «Спартак-Нальчик», «Салют» (Белгород), «Металлург» (Донецк), «Анжи» (Махачкала) және «Кубань» клубтарын жаттықтырған.

Бүгін Марек Зуб футболшылармен танысты, түстен кейін жаттығу жұмыстарына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер