«Астана» плэй-оффта кіммен кездесуі ықтимал
«Астана» Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне өтсе, кімдермен кездесуі мүмкін екені анықталды.
Елордалық клуб плэй-оффта «еленгендер» құрамында болады. Демек, «Астананың» ықтимал қарсыластары: «Янг Бойз» (Швейцария), «Карабах» (Әзірбайжан) — БАТЭ (Беларусь), «Мальме» (Швеция) — «Види» (Венгрия), сондай-ақ, «Црвена Звезда» (Сербия) — «Спартак» Трнава (Словакия) жұптарының жеңімпаздары.
Плэй-офф кезеңіне өту үшін «Астанаға» үшінші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Динамоны» жеңу қажет.
Алғашқы матч 7 тамызда Астанада, қарымта ойын 14 тамызда Хорватияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или