«Ювентус» Роналдудың жейдесін сатып 6,5 миллион еуро табыс тапты
Туриндік клуб Криштиану Роналдудың есімі жазылған жейде сатудан 6,5 миллион еуро қаржы пайда тапты, деп хабарлайды Prosports.kz championat.com порталына сілтеме жасап.<span id="more-31584" />
Tuttosport-тың хабарлауынша, португалдық жұлдыздың трансфері орындалғаннан бергі үш аптаның ішінде Роналдудың есімімен 55 мың жейде сатылып кеткен.
Осылайша, клубтың жылдық қоры бір айға жуық уақытта бітіп қалған. Спорттық эпикировкасының осы түрінің жаңа түсімі қыркүйекте болады екен.
<span>Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» Роналдудың трансфері үшін 112 млн еуро қаржы жұмсаған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или