Давид Лория «Ордабасыдан» кеткен жоқ
Шымкенттік «Ордабасы» командасының баспасөз қызметі қақпашы Давид Лорияның клубтан кеткені туралы жаңалықты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Кеше интернетте Лорияның «Ордабасыдан» кеткені жайлы ақпарат пайда болды. Бұл шындық па?
- Қазірше шын ақпарат емес. Ресми түрде ештеңе белгісіз.
- Демек, Давид командадан кетпеді ғой?
- Кеткен жоқ. Біз бүгін Қостанайға барамыз. Содан кейін барлығы анық болады.
- Қақпашының командадан кетуі жайлы әңгімелер болды ма? Футболшының өзі командадан кетуге дайын ба?
- Білмеймін. Мен клуб президентінен бұған қатысты ештеңе естіген жоқпын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или