«Динамо» бапкері: «Астана» - қауіпті қарсылас

«Динамо» бапкері: «Астана» - қауіпті қарсылас

Загребтік «Динамо» бапкері Ненад Белица Чемпиондар Лигасындағы өзінің болашақ қарсыластары - «Астана» командасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

<span> </span>«Астана» <span>-</span> өте тәжірибелі команда және  қауіпті қарсылас, бірнеше жыл бойы Еуропада ойнап жүр. Алайда, мен өз командама сенемін және біз өтеміз деп ойлаймын.

«Астана» өз чемпионатында басқа командалармен тең емес, бұл команда оларға қарағанда әлдеқайда күшті. Біз«Астананы» чемпиондық титулға сүйрейтін Марин Томасты бақылауда ұстауға тырысамыз. Сонымен қатар, командаға оралған Кабананга біздің үлкен нысан болып табылады - деп Белица Goal.com берген сұхбатында айтты.

«Астана» мен «Динамо» командаларының Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу турындағы бірінші матчы 7 тамыз күні Астана қаласында өтеді. Загребтегі матч бір аптадан соң - 14 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или