«Арман» жағажай футболынан Еуразиялық лиганың жеңімпазы атанды
Қорғанда өткен алғашқы ойында «Арман» футболшылары алаң иелері «Звезды Динамо» командасымен жолығып, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Әрі қарай «Арман» жеңіс жолын жалғастырып, Новосібір қаласының «Джокер» командасынан 6:4 есебімен басым түсті. Барнаулдың «Алтай Соккер» командасын да қарсылас көрмеді - 4:1. Соңғы ойында ТГК (Томск) ұжымын 6:3 есебімен ұтты.
«Арман» командасы 35 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды. Енді қазақстандық команда Новосібір қаласында өтетін Еуразиялық лиганың суперфиналына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или