Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды

Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды

УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Елордалық «Астана» Данияда «Мидтьюлланд» командасымен екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойында 0:0 есебімен тең түсіп, Астанадағы ойын нәтижесі бойынша жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған болатын.

«Астана» үшінші раундта Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен ойнайды.

Алғашқы кездесулер 7-8 тамыз күндері, қарымта ойындар 14 тамызда болады.

ЕЧЛ үшінші іріктеу раундының жұптары келесідей:

«Астана» (Қазақстан) - «Динамо» (Хорватия)

«Селтик» (Шотландия) - АЕК (Грекия)

«Зальцбург» (Аустрия) - «Шкендия» (Македония)

«Црвена Звезда» (Сербия) - «Спартак» (Словакия)

«Карабах» (Әзербайжан) - БАТЭ (Беларусь)

«Мальме» (Швеция) - «МОЛ Види» (Мажарстан)

«Стандард» (Бельгия) - «Аякс»(Голландия)

 «Бенфика» (Португалия) - «Фенербахче» (Түркия)

«Славия» (Чехия) - «Динамо» (Украина)

ПАОК (Грекия) - «Спартак» (Ресей).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или