«Тобыл» футбол клубы УЕФА-ға шағымданбақ

«Тобыл» футбол клубы УЕФА-ға шағымданбақ
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық клуб «Пюник»-«Тобыл» арасындағы ойындағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты УЕФА-ға шағым түсіреді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Пюник»-«Тобыл» арасындағы кездесу армениялықтардың пайдасына шешілгенін хабарлаған болатынбыз.

«Тобыл» футбол клубының аталған кездесудің төрешілер қосыны және армениялық тараптың матчты ұйымдастыруына қарсы шағымы бар.

Сондай-ақ, біздің команда «Пюник» ФК техникалық аймағында болған қызметкерлерінің қостанайлықтарға қарсы бұзақылық қимылдарына наразы», - делінген «Тобыл» ФК ресми сайтында.

Ал бас бапкер Владимир Никитенко «Тобылдың» Еуропа Лигасындағы жорығы аяқталған соң келесі күні-ақ клуб басшылығынан босатуды өтінген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер