Өмірдің өз өрнегі. Ренат Абдулин

31 жастағы «Атырау» футбол клубының ойыншысы Ренат Абдулин «ашық әңгіме» айдарында. 2004-ші және 2010 жылы «Қайрат» пен «Тобыл» сапында ел чемпионы атанған футболшыны басқа қырынан байқаңыз...

Жанұямыз үлкен, отбасымызда 10 адам бар. Мейрамдарда әрдайым бас қосамыз.

Анам оқып, білім алғанымды қалады. Ал әкем денсауылығымды ойлаған. Менің бірінші бапкерім анаммен сөйлесіп футболмен ден қоя аяналысуымды сұрады.

9-шы сыныпта бірінші рет аяқтан жарақат алдым. Қазір ізі де қалмады. Алайда содан бері бұлшық еттің тартылып қалуынан, сынықтан қорқамын.

Орыс тілі мен әдебиетін ешқашан ұнатпайтынмын. Химия, алгебра мен биология сияқты пәндерді жақсы көргем. Бүгінгі таңда сауатты болмасаң ісің алға баспайды. Өзім мұнай мен газ факультетін тәмамдап шықтым. Мұнайлы өлке Атырауда жергілікті клубтың намысын қорғап жүргенім соған сай секілді.

Уақыт өте дене әлеуеті нашарлай бастайды, артық салмақпен күресуге тура келеді. Түрлі диеталарды сақтап тренажер залына барып тұрамын.

Темекі шекпеймін. Алкогольді ішімдіктерге қарсымын, дегенмен, тойларда шараптан дәм татпау – ұят секілді. Сыра ішіп көрген емеспін.

2004-ші жылы жоғарғы дивизионда бірінші рет топ жардым. Алған әсерім керемет болды. Екінші рет «Тобыл» сапында ел чемпионы атандым. Қостанайлықтарға сәттілі жетіспей бірнеше жыл қатарынан екінші болып келді, межеден аса алмады. Қостанайдың халқы футболды сүйеді. Команда чемпион атанғанда, қала тұрғындары әбден тойлады. Шаһар әкімі әуежайдан жеке қарсы алған.

Өзімді реалиспін деп есептеймін. Қолдан келсе, істеймін.

Кейде қызуқандымын, біреу ашуландырса айқайлап жіберуім мүмкін. Дегенмен ашуым ұзаққа созылмайды, 5-10 минут қана. Адамның кемшілігін көзіне шұқып айтуға тырысамын.

Футболшы әзілқой болуы тиіс. Себебі футбол туралы қалжыңдар көп, ойыншылар да әзілдегенді ұнатады. Қалжыңды түсінбесең, әркімге ренжіп жүресің.

Кітап оқығанды ұнатамын. Төсекте жатып теледидар көрген жалықтырады. Шытырманға толы қияли романдарды сүйіп оқимын. Алайда фантастика ұнамайды. Қазіргі таңда ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

Ойымды өзге жұртқа таңғаннан аулақпын. Қарсы адамды мұқият тыңдаймын.

Еурокубоктарда қарағандылық «Шахтердің» жанкүйерімін. Клуб алға басып келеді. Топта да ешкімнен кем емес. Бірақ тәжірибенің аздығынан қателіктерге бой алдырады кейде.

«Шахтер» - бәріне мысал болды. Енді әрбір қазақстандық команда еурокубокты армандайтын болады. «Селтикті» ұтамыз деп кім ойлаған? Осы жетістіктің арқасында мен де ерекше арқаландым.

Капитан деген – бапкер мен команда арасындағы көпір. Алаңдағы көшбасшы. Қиын сәттерде команданы қолдап, жігерлендіре білу керек.

Капитанды команда таңдайды. Мен үшін Самат Смақов – Қазақ футболы тарихындағы үздік капитан. Самат сияқты жігітті осы күнге дейін кездестірген емеспін. Сэм – нағыз көшбасшы.

Бұрындары нөмір таңдауға ерекше мән беретінмін. Сондықтан «Кайратта» 77-і нөмірді ту арқама жаздырғанмын. Ал бүгін ондай қызығушылық жоқ. Аса маңызды емес екенін түсіндім.

Алматы – «футбол қаласы» атағын жоғалтып алды. Мұнда қызықтырар басқа да нәрселер көп. Сондықтан жанкүерлердің саны күн санап азайып барады.

Мен - мұсылманмын. Арасында уағыз тыңдаймын. Матч алдында ырым жасаған дұрыс емес екенін түсіндім.

Сәттілік – мықтыларға жақ. Қателескен кездерім болды. Алайда еш өкінбеймін.

Бала-шағам бар. Енді үй салып, ағаш отырғызу ғана қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или