Әлібек Бөлешов «Оқжетпесте» жұмыс істейді

Әлібек Бөлешов «Оқжетпесте» жұмыс істейді

Атақты футболшы Әлібек Бөлешов спорттық мансабын аяқтап, «Оқжетпес» командасында қызмет атқаратын болды.

Айта кетейік, Әлібек Бөлешов 1981 жылы 9 сәуірде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабын 1999 жылы «Жетісу» командасында бастады. Ол 19 жылда «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Атырау», «Тараз», «Сұңқар» сияқты командаларда өнер көрсетті. Ал 2013 жылдан бері аздаған үзіліспен көкшетаулық «Оқжетпестің» намысын қорғап келеді. Алты жыл ішінде аталмыш команда құрамында 141 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 58 гол соқты.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или