«Астана» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

«Астана» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Елордалық «Астана» бүгін Данияда «Мидтьюлланд» командасымен футболдан Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі қарымта ойынын өткізді.

Ойын 0:0 есебімен тең түсіп, қос матч қорытындысымен «Астана» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Бірінші кезеңде «Астана» қарсыластар қақпасына доп та соққан еді. Джуниор Кабананга ойынның 19-минутында қақпаға доп бағыттады. Тепкен доп қақпа сызығынан өтіп кеткені көрініп тұрды. Дегенмен оны испаниялық бас төреші Хуан Мартинес есептеген жоқ.

Елордалық клуб жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен кездеседі. Бұл ойындар 7 және 14 тамыз күндері болады.

«Мидтьюлланд» (Хернинг, Дания) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 0:0

Ескерту: Спарв 47, Мабиль 80, Окосун 90+6 — Аничич 65, Маевский 81, Мужиков 90, Томасов 90+6

«Мидтьюлланд»: Хансен Й., Хансен К., Спарв (Мабиль 59), Хенде, Поульсен Я., Мунксгор, Санне, Святченко (Окосун 76), Онуачу, Огочукву (Дуэлунн 71), Викхейм

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер (Логвиненко 90+2), Мужиков, Педро Энрике (Муртазаев 78), Томасов, Маевский, Кабананга (Щеткин 62), Постников, Шомко

Бас төреші: Хуан Мартинес (Испания)

1 тамыз. Хернинг. «Арена Хернинг».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или