Ресми: Дидар Жалмұқан «Атырауға» ауысты
Қазақстандық талантты жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан маусымның қалған бөлігін «Атырау» сапында өткізетін болады, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық «Астана» футбол клубына тиесілі ойыншы маусымды туған командасы «Ақтөбе» сапында бастаған. Алайда, Ақтөбеде бар болғаны 4 матчқа ғана қатысты. Енді жыл соңына дейін Атырау қаласында доп теппек.

22 жастағы футболшы «Ақтөбе» командасының тәрбиеленушісі. Премьер лигадағы алғашқы кездесуін 2014 жылы 20 қыркүйекте «Қайсар» командасына қарсы өткізген. 2017 жылға дейін туған командасында доп тепті.

Дидар өткен жылы «Астанаға» ауысып келген болатын. Бірақ, ел чемпиондарының қатарында жарты жыл ғана өнер көрсетті. Жазғы трансфер кезінде қостанайлық «Тобыл» клбуына ауысып, маусымды сонда аяқтаған болатын.