Мужиков «Астана» жейдесіндегі 25-ші нәтижелі пасын берді

Мужиков «Астана» жейдесіндегі 25-ші нәтижелі пасын берді

«Астана» Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңінің «Мидтьюлландқа» қарсы қарымта матчына Данияға аттанбас бұрын, Премьер-Лига аясында өз алаңында «Атырау» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл кездесудегі екі гол да Серікжан Мужиковтың бұрыштамадан көтерген добынан кейін соғылды. Алғашқы Юрий Логвиненко гол соғатын сәтте доптың бағытын Сергей Малый бұрып, өз еншісіне нәтижелі пас жазса, ал Малый өзі гол соғатын кезде голдық пас Серікжанның еншісіне жазылды. Осылайша, Мужиков «Астана» сапындағы 25-ші нәтижелі пасының авторы атанды.

Айта кетейік, Серікжан нәтижелі пастар саны бойыншы Таңат Нөсербаевті қуып жетіп, клуб тарихындағы үздік пас берушілердің тізімінде өзара төртінші орынды бөлісіп тұр. Клуб таихында Мужиковтан көп пас берген үш қана ойыншы бар. Олар: Фокси Кетевоама (51 нәтижелі пас), Дмитрий Шомко (35) және Патрик Твумаси (27).

Мужиков өзінің нәтижелі пастар санын ертең-ақ, яғни 1 тамыз күні арттыруға мүмкіндігі бар. Қазақстан уақытымен 23:00-де «Астана» командасы даниялық «Мидтьюлландқа» қарсы қарымта кездесу өткізеді. Ойынды «Қазспорт» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или