«Тобыл» Еуропа лигасында қанша тапты

«Тобыл» Еуропа лигасында қанша тапты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ереванда «Тобыл» командасы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын армениялық «Пюник»» клубына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қостанай клубы өзінің бюджетін 500 мың еуроға толықтырды (240 мың бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін, 260 мыңы - екінші кезең үшін). Бұл суммаға еурокубок аяқталғанда жарнамадан түскен қаражат қосылады.

Сондай-ақ, 1 тамызда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» сырт алаңда Данияның «Мидтьюлланд» командасымен кездеседі. Олардың арасындағы алғашқы ойын 2:1 есебімен елордалықтар жеңісімен аяқталды.

Ал 2 тамызда Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Алматының «Қайраты» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен шеберлік байқасады. Алматыда болған алғашқы кездесуде 2:0 есебімен «Қайрат» жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер