Ресми: Нұржан Қатаев «Ордабасының» президенті болып тағайындалды

Ресми: Нұржан Қатаев «Ордабасының» президенті болып тағайындалды

Бүгін «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті боп Нұржан Катаев тағайындалды және командаға таныстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржан Қатаев - еркін күрестен әлем чемпионы, Азия мен Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Сонымен қатар, Төлеби ауданының құрметті азаматы атағына ие болған.

Клубтың бұрынғы президенті Бахтияр Байсейітов қаржы директоры болып тағайындалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или