«Тобылдың» Еуропа лигасындағы жорығы аяқталды

«Тобылдың» Еуропа лигасындағы жорығы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ереванда «Тобыл» командасы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын армениялық «Пюник»» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч нәтижесі бойынша армян клубы минималды жеңіске жетті - 1:0. Ойындағы жалғыз голды Ереван клубының шабуылшысы Мохамед Конате (83-ші минутта) соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда бірінші матчта Никитенконың тобы 2:1 есебімен жеңді. Дегенмен, «Пюник» іріктеудің келесі кезеңіне өтті.

Келесі турда «Пюник» «Маккаби Тель-Авив» - «Раднички» жеңімпазын ойнайды.

Еуропа лигасында биыл Қазақстаннан Павлодардың «Ертісі» де қатысып, жарыстың алғашқы кезеңінде Литваның «Тракай» клубына 0:1 есебімен жол беріп қойған болатын.

Еуропа лигасы. 2-ші іріктеу туры.

Қарымта матч.

«Пюник» - «Тобыл» - 1:0

Гол: Конате 83` (1:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер