17 жастағы футболшы алғаш рет «Ертіс» құрамында ойнады
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының тәрбиеленушісі Арман Кеңесов қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы матчта ойын көрсетті.
<span>«Мен бұған 12 жыл дайындалдым. Матчтың өз жерімде, таныс мінберде өткеніне қуанамын. Мен алғашқы құраммен шығар кезде қатты толқыдым, әсіресе бастапқы 10-15 минутта бұл қатты байқалған болуы керек. Одан кейін өзімді еркін ұстай бастадым, оны өз бетімше жасаған қимылдардан аңғаруға болады», - деді Арман Кеңесов.</span>
<span>«Павлодарлық спорт мектебінің тәрбиеленушісі Арман Кеңесов «Ертістің» негізгі командасының құрамында қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойын көрсетті. Жас жартылай қорғаушы бастапқы команданың құрамында алғаш рет ойнады», - деді «Ертіс» клубының баспасөз қызметіндегілер.</span>
<span>Бозбаланың сөзінен белгілі болғандай, ол бапкерлер штабына берілген мүмкіндік үшін алғысын білдіреді.</span>
<span>«Бұл - ерекше сезім. Мен бұны жаттығуларда жән-тәніммен дайындалғаным үшін берілген сый деп түсінемін. Бапкерлерге осындай мүмкіндік үшін рахмет айтамын. Бұл соңғы ойын болмайды деп үміттенем. Ойын жайлы айтар болсам, оны көп жағдайда біз басқардық», - деді А. Кеңесов.</span>