«Ордабасы» өз алаңында сүрінді

«Ордабасы» өз алаңында сүрінді

Футболдан ел чемпионатының 20-турындағы соңғы матч күтпеген нәтижемен аяқталды.

Шымкентте «Ордабасы» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдады. Бұл ойында алаң иелері фаворит саналған.

Алайда үзіліске дейін қонақтар екі гол салып тастады. Алдымен, 15-минутта Мантас Куклис есеп ашқан. 27-минутта Эдгар Малакян есепті еселеді. «Ордабасы» футболшылары екінші таймда Диакатенің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан. Алайда таблодағы көрсеткішті теңестіре алмады. Қорытынды есеп – 1:2, «Жетісу» Шымкенттен үш ұпаймен қайтты.

Осылайша, «Ордабасы» 28 ұпаймен төртінші орында қалды. Ал «Жетісу» 25 ұпай еншілеп, бесінші орынға көтерілді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или