«Қайрат» «Тобылды» минималды есеппен ұтты

«Қайрат» «Тобылды» минималды есеппен ұтты

Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-турында Еуропа лигасында бақ сынап жатқан қос дүлділіміз өзара кездесті.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады. Жанкүйерлер үзіліске дейін гол көре алмады. Матчтың 69-минутында алматылық жанкүйерлер қуанышқа бөленді. Исаэль қанжығасын майлап, алаң иелерін алға шығарды. Бұл матчтағы жалғыз гол болатын. Қорытынды есеп – 1:0.

Осылайша, «Қайрат» 47 ұпаймен екінші орында келеді. Олар «Астанадан» алты ұпайға қалып тұр, бірақ бір матч кем өткізген. Ал «Тобыл» 34 ұпаймен үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или