Патрик Твумаси Испания Ла-Лигасының командасы сапына ауысты
«Алавес» (Испания) футбол клубы «Астана» командасымен елорда командасының шабуылшысы Патрик Твумасиді қатарына қосутуралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Патрик медициналық тексерістен сәтті өтіп, жақын уақытта Ла-Лигада өнер көрсету үшін жаңа командасының тізіміне қосылады. Твумасидің қазақстандық командамен келісімшарты болғандықтан, «Алавес» командасы «Астанаға» өтемақы төлейді. Алайда, испаниялық команда өтініші бойынша өтемақы мөлшері жарияланбайды.
Твумаси «Астана» сапына  2013 жылы латвиялық «Спартак» (Юрмала) сапынан ауысып, осы уақытқа дейін 171 ойын өткізіп, 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта, Твумаси – «Астана» футбол клубы тарихындағы үздік сұрмерген. Патрик «Астанамен» бірге 4 рет Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан Кубогында және 2 мәрте Суперкубокта жеңіске жеткен. Елорда командасымен бірге УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының (2 рет) топтық кезеңіне жолдама алған.
«Алавес» - испаниялық Ла-Лигада ойнайтын, жүз жылдық тарихы бар ұжым. «Алавес» 2000/2001 жылы УЕФА Еуропа Лигасының финалына шыққан, ал 2016/17 жылы Испания Кубогының финалында ойнаған. Команда Испания Ла-Лигасында 2017/18 жылғы маусымда 20 команданың ішінен 14-ші орынды иеленген.
Твумаси «Астана» құрамынан Әлемдегі ең мықты клубтық чемпионаттардың бірі – испаниялық Ла-Лигаға ауысқан екінші ойыншы.
Еске сала кетейік, «Астана» сапынан 2017 жылы Неманья Максимович «Валенсияға» ауысқан еді.