Диего Марадона 28 жастағы сүйіктісіне екінші мәрте сөз салды

Диего Марадона 28 жастағы сүйіктісіне екінші мәрте сөз салды

Аргентиналық танымал футболшы Диего Марадона үйленеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sputnik.by порталына сілтеме жасап.

Әйгілі футболшы 28 жастағы Росио Оливаға үйлену туралы ұсыныс жасады.

Daily Mail мәліметінше, 57 жастағы аргентиналық Буэнос-Айресте өткен сүйіктісінің туған күнінде ұсыныс жасаған. 45 адам осы шараның куәсі болған. Айта кетейік Росио Олива бұрын кәсіпқой футболмен айналысқан.

2014 жылы Марадона Оливаға үйлену туралы ұсыныс жасаған еді, алайда осыдан кейін олардың арасында жанжал шығып, айырылысқан еді. Росио өзінің футболшыдан соққы көретінін де айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или