Тобыл өз алаңында армениялық команданы жеңді
Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» Арменияның «Пюник» командасын қабылдады.
<span>Екінші таймның басында қостанайлықтар есеп ашты. Оң қапталдан сытылып шыққан Максим Федин қорғаушыларды алдап өтіп, аяғының сыртымен айналдыра соққы жасады. Ал «Пюник» қақпашысы бұл соққыға қауқар таныта алмады. </span>
<span>80-минутта «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев екінші голдың авторы атанды. </span>
<span>Ал армениялықтар есеп айырмасын бір допқа қысқартты. </span>

<span>«Тобыл» - «Пюник» 2:1 (0:0).</span>
Голдар: Федин 49, Нургалиев 80 - Корян 90.
«Тобыл»: Непогодов, Кассай, Мирошниченко, Дмитренко, Квеквескири, Нургалиев (Жаринбетов 90), Канкава, Жулпа, Быстров (Нусербаев 68) , Федин, Лескано (Турысбек 72).
«Пюник»: Кобозев, Григорян, Аветисян, Конате (Корян 69), Трусевич, Аракелян (Овсепян 62), Войнов (Богатырев 81), Дмитриев, Айрапетян, Кадио, Жестоков
Ескерту: Айрапетян 20
Бас төреші: Юрий Фришер (Эстония)
26 шілде. Қостанай.