FIFA 2018 жылдың үздігіне үміткер 10 футболшының тізімін жариялады
Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы (ФИФА) 2018 жылдың ең үздік футболшысына берілетін «The Best» марапатына үміткер 10 футболшының тізімін жариялады.
2018 жылдың үздік футболшысына берілетін марапатқа француз Рафаэль Варан («Реал»), Антуан Гризманн («Атлетико») және Килиан Мбаппе (ПСЖ), бельгиялық футболшылар Эден Азар («Челси») мен Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), ағылшын Харри Кейн («Тоттенхэм»), хорват Лука Модрич («Реал»), мысырлық Мұхаммед Салах («Ливерпуль»), португалдық Криштиану Роналду(«Ювентус») және аргентиналық Лионель Месси («Барселона») үмітті.\
Бұл қатарға әлемдегі ең қымбат ойыншылардың бірі Неймар енбей қалған.
Үздік ондықты ФИФА-ның сенімді өкілдері саналатын Дидье Дрогба, Кака, Фабио Капелло, Фрэнк Лэмпард, Лотар Маттеус, Алессандро Неста, Роналдо және өзге де танымал спорт мамандары таңдаған.
Сауалнамаға ФИФА құрамындағы елдердің жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер және жанкүйерлер қатысатын болады. Мына жерден дауыс бере аласыз: www.fifa.com
Футболшыларға ұйымның ресми сайтында 10 тамызға дейін дауыс беруге болады. Марапаттау рәсімі 24 қыркүйек күні Лондонда өтеді.