«Ақжайыққа» жаңа бас бапкер келді

«Ақжайыққа» жаңа бас бапкер келді

Украиналық маман Сергей Зайцев «Ақжайық» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, 45 жасар С.Зайцев бұған дейін «Карпаты» (Львов) командасын жаттықтырған. </span>

<span>«Металлург» футбол клубының олимпиадалық резевтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленген ол Запорожьенің «Торпедо» клубында ойыншы ретіндегі жолын бастаған. Жаттықтырушылық жолын 2009 жылы бастаған маман «Атырау», «Металлург» (Запорожье) командалары бас бапкерлерінің көмекшісі болды. 2011-2013 жылдары «Металлургтің» бас бапкерлігін қолға алып, 2012 жылы командасын Украинаның премьер-лигасына шығарды. Одан кейін Молдованың «Заря» клубын, 2016 жылдан бері «Карпаты» клубын жаттықтырған. </span>

<span>Еске сала кетейік, Оралдың «Ақжайығын» бұған дейін де украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтырған болатын. Ол 13 мамыр күні оралдықтар Ақтөбеде 3:5 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін қызметінен кеткен болатын.</span><span> </span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или