Бүгін «Астана» өз алаңында даниялық «Мидтьюлландты» қабылдайды
Бүгін, 24 шілдеде футболдан Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңында Данияның «Мидтьюлланд» командасын қабылдайды.
«Астана» бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасын жеңген болатын. Өз алаңында 1:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда 2:0 есебімен басым түсті.
Елордалық клубтың «Мидтьюлланд» командасымен алғашқы кездесуі 24 шілдеде өз алаңында болса, 1 тамызда сырт алаңда болады.
Ойын Астана уақытымен 19.50-де басталады. Кездесу «Qazsport» арнасынан тікелей көрсетіледі.
Сондай-ақ, Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Алматының «Қайраты» Голландияның АЗ (Алкмаар), Қостанайдың «Тобылы» Арменияның «Пюник» командасын қабылдайды.
Естеріңізге сала кетелік, бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» Андорраның «Энгордань» клубын 7:1, 3:0 есептеріменойсырата жеңсе, «Тобыл» Грузияның «Самтредиа» клубын сыртта 1:0, өз алаңында 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Павлодардың «Ертісі» Литваның «Тракайынан» сырт алаңда 0:0 есебімен тең түсіп, өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.