Джордже Деспотович «Астана» сапындағы 20-шы голын соқты
Джордже Деспотовичтің Черногория чемпиондары «Сутьеска» қақпасына соққан голы «Астана» жейдесіндегі 20-шы голы ретінде тіркелді, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Серб ойыншысы осы голының арқасында клуб сұрмергендері тізімінде Сергей Остапенконы артқа қалдырып, таза алтыншы орынға көтерілді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">«Астана» үшін Деспотовичтен көп гол соққан тек Патрик Твумаси (69 гол), Таңат Нөсербаев (54), Джуниор Кабананга (38), Фокси Кетевоама (34) және Игорь Бугаев (26) бар.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Джордже осы 20 голының үшеуін еурокубок бәсекелерінде «Олимпиакос», АПОЭЛ және «Сутьеска» командалары қақпаларына тоғытқан.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Деспотович «Астана» жейдесіндегі барлық турнирлерде 78 ойын өткізіп, 20 гол соққан.</span>