Ресми: Алисон Бекер - «Ливерпуль» қақпашысы
«Ливерпуль» Бразилия құрамасының футболшысын «Ромадан» 62 жарым миллион еуроға сатып алды.
<span>Ағылшын клубы 10 миллион еуроны кейін төлейді. 25 жастағы қақпашы «Рома» сапында екі маусым ойнап, 64 матчқа қатысты. </span>
<span>Италия командасы Алисонды екі жыл бұрын Бразилияның «Интернасионал» клубынан 8 миллион еуроға алғанды. Бекер Ресейдегі әлем чемпионатында Бразилия құрамасының негізгі қақпашысы болды. </span>
<span>Алисонға дейінгі ең қымбат трансфер Буффонға тиесілі. «Ювентус» 2001 жылы қақпашыны «Пармадан» 52 миллион еуроға сатып алған болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или