«Тобылдың» Еуропа лигасындағы екінші қарсыласы анықталды
<span>«Тобыл» футбол клубының Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.</span>
<span>20 маусым күні Еуропа лигасының бірінші-екінші кезеңінің жеребесі тартылған еді. Сол кезде қостанайлықтардың іріктеу кезеңінің екінші айналымында «Пюник» (Армения) - «Вардар» (Македония) жұбының жеңімпазымен жолығатыны белгілі болған. </span>
<span>Бүгін осы қос команданың қарымта кездесуі өтіп, армениялық ұжым сырт алаңда 0:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қос ойынның қорытындысы бойынша «Пюник» командасы келесі кезеңге өтті (3:0). Ол енді қазақстандық командамен кездеседі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или