Марадона «Динамо Брест» клубын басқарады
<span>Беларусь чемпионатының 16-турындағы басты жаңалық Диего Марадонаның келуі болды. </span>
<span>Атақты аргентиналық футболшы «Динамо Брест» клубының тізгінін ұстады. Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін Беларусь еліне аялдаған аладоп шебері «Динамомен» үшжылдық келісімшартқа отырды. Марадона клубтың басқарма төрағасы болады. Кеше ол командасының ойынын тамашалап, жергілікті жанкүйерлер алдына шықты. </span>
<span>Бірақ «Динамо» футболшылары Марадонаны керемет ойындарымен марқайта алмады. </span><span>Брест командасы «Шахтерден» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Қазір «Динамо» турнир кестесінде алтыншы орында келеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или