Чемпиондар лигасы. «Астана» келесі кезеңге шықты

Чемпиондар лигасы. «Астана» келесі кезеңге шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» мен черногориялық «Сутьеска» кездескен.

«Астана Аренада» өткен алғашқы матчта алаң иелері 1:0 есебімен ұтқан еді. Ал Черногориядағы қарымта кездесуде астаналық ұжым сол басымдықты ұстап қана қоймай, оны ұлғайта алды.

Матч есебін 38-минутта Джордже Деспотович ашты. Оң қанаттан жасалған комбинацияны шабуылшы тамаша голмен түйіндей алды.

Ал үзілістен кейін Серікжан Мужиков оңтайлы жерден мүлт кетпеді – 2:0. Осылайша, «Астана» екі матчтың қорытындысы бойынша 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді екінші іріктеу кезеңінде «Астана» даниялық «Мидтьюлланд» клубымен күш сынасады.

«Сутьеска» – «Астана» 0:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Деспотович 38, 0:2 – Мужиков 65

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или