Рафкат Аслан клуб ауыстыруы ықтимал

Рафкат Аслан клуб ауыстыруы ықтимал

«Атыраудың» 24 жастағы жартылай қорғаушысы Рафкат Аслан осы жазда басқа клубқа ауысуы мүмкін.

Футболшыға «Қайсар» мен «Ертіс» ұсыныс жасаған.

Рафкат Аслан былтыр сәуірдің басында «Атырауға» ауысқан болатын. Бұған дейін «Оле Бразил» академиясының түлегі «Тобыл» мен «Ақтөбеде» ойнаған еді. Сондай-ақ, футболшы Қазақстан жастар құрамасында 22 матч өткізді.

Осы маусымда Рафкат «Атырау» сапында 12 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или