Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы неміс клубы жаттықтырады

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы неміс клубы жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Генрих Шмидтгаль неміс командасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

30 жастағы жарақатының кесірінен мансабын аяқтаған дарынды қорғаушы «Фортуна» командасының скауты болып қызмет атқарған. Ендігі ол осы ұжымның фарм-клубын жаттықтыратын болады. Бұл туралы футболшының өзі Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында айтып берді.

- Дюссельдорфтың «Фортуна-В» командасының бас бапкері атандым. Бұл ұжымның бас командасы бірінші Бундеслигаға шыққан болатын.

Шынымды айтсам, осы ұсынысты күтіп жүрген едім. Өйткені бұған дейін клубтың құрылымда жұмыс істедім. Оның үстіне футболшы кезімде өнер көрсеткен едім. Дегенмен жұмыс көбейе түсті. Енді мен тек жас дарынды футболшыларды іздеп қана қоймай, «Фортуна-В» командасын жаттықтыратын боламын, - дейді Генрих.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер