Құрамадан аулақ жүріңдер! - Далич xорват депутаттарына
Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының бас бапкері Златко Далич өз шәкірттерінің жеңісін билік өкілдері иеленгісі кеп жатқанын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі
<span>Хорват футболшылары Англияны жеңгеннен кейін Хорватия құрамасының формасын киіп, "жеңіс біздікі" деп тойлаған жергілікті шенеуніктерге Хорватия құрамасының бас бапкері Далич оларға "жеңіс сендердікі емес, аулақ жүріңдер" деді.</span>
<span>«Елде білім беру және денсаулық сақтау саласы тоқырап тұр екен, ал сот жүйесі былыққа батқан. Біздің халықты кедейлікке дейін жеткізген саясаткерлер мен билік өкілдеріне айтқым келеді, Хорватия құрамасынан қолдарыңды тартыңдар. Сендерді біздің футболшылар көргісі келмейді, сендермен суретке түскісі де келмейді. Сендер Хорватияны Еуропадағы ең кедей елдердің біріне айналдырдыңдар», — деп жазды Далич өзінің Facebook-парақшасында.</span>