«Ордабасы» - «Қайрат» матчының бас төрешісі ауысты
Артем Кучин бастаған қазақстандық төрешілер тобының 19 шілде күні УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Виторул» (Румыния) – «Расинг Юнион» (Люксембург) матчына қызмет атқаруымен байланысты Премьер-лига клубтары арасында ҚР Чемпионатының 19-турындағы «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Алматы) арасындағы ойынның бас төрешісі ауыстырылды.
Бұған дейін тағайындалған Артем Кучиннің (Қарағанды) орнына Игорь Чесноков (Өскемен) тағайындалды.
19 тур, 22 шілде
Ордабасы – Қайрат
Төрешілер: Игорь Чесноков (Өскемен), Евгений Бельский (Тараз), Анатолий Ходин (Атырау)
Резерв төреші: Жандос Абжан (Шымкент)
Инспектор: Геннадий Жуковский (Ақтөбе).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или