Қазақстандықтар Әлем чемпионаты кезінде Криштиану туралы көп іздеген

Қазақстандықтар Әлем чемпионаты кезінде Криштиану туралы көп іздеген

Яндекстің сарапшылары қазақстандықтардың әлем чемпионаты–2018 кезінде кімге көбірек жанкүйер болғанын анықтады, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.

Сарапшылар 14 маусымнан 15 шілдеге дейін қазақстандықтардың іздеу жүйесін зерттей отырып, аталған сұрақтың жауабын тапқан.

Бірінші орында сұраныс көлемі бойынша Криштиану Роналду тұр. Екінші орын Лионель Мессидің еншісінде. Желі қолданушылары Португалия капитаны туралы Аргентина капитанына қарағанда екі есе көп іздеген. 

Үшінші орында Неймар. 

Үздік ондыққа Ресей құрамасының төрт бірдей футболшысы енген, олар: Акинфеев, Дзюба, Черышев, Фернандес.

Хорватия құрамасының белді мүшесі Лука Модрич де ондықта. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или