Милан Радин голы – Премьер-лиганың он сегізінші турының үздігі

Милан Радин голы – Премьер-лиганың он сегізінші турының үздігі
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың он сегізінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді, деп жазады ҚКФЛ-ның ресми сайты.
 
Өткен турда жанкүйерлер командалардың нәтижелі ойындарының куәсі болды. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланған сауалнамаға 19 гол қатысты. 
 
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Милан Радиннің голы турдың ең үздігі атанды. «Батыс дербиінде» қос голдың авторы атанған серб футболшысының екінші голы көп дауыс жинады. Футболшы техникалық шеберлігін көрсетіп, Зинедин Зиданның атақты финті арқылы үш қарсыласын алдап өтіп, гол соқты.  
 
Милан Радиннің екінші голына дауыс бергендердің саны  – 2363.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Милан Радин голы (Ақтөбе – Атырау) – 2363 дауыс;
2. Адеринсола Эсеола голы (Қайрат – Жетісу) – 749 дауыс;
3. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ертіс – Ордабасы) – 335 дауыс.
 
Премьер-лиганың 18-турының үздік добы атанған Милан Радиннің екінші голы «Шілде айының үздік голы» сауалнамасына қатысады. 
 
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или