Пеле 2014 жылғы Әлем чемпионаты жеребесіне қатысудан бас тартты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Пеле 2014-ші жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жеребе тартудан бас тартты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Бразилия президенті маған елімізде жеребе тартуды сұрады. Бұрында мен мұнымен айналыстым, бірақ қазір бас тартуға тура келіп тұр. Мен Бразилияны күрделі топқа жіберетін адамға айналғым келмейді», - дейді аты аңызға айналған спортшы.</p>
<p style="text-align: justify;">
Пеле 6-ші желтоқсан күні Мата-ди-Сан-Жуан қаласында өтетін салтанатты шараға бәрібір қатысатынын айтты, деп жазады «Газета.Ru» сайты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или