Роман Григорчук: Есепті ұстап қалу туралы ой бізде мүлде жоқ
Бүгін, «Астана» футбол клубы UEFA Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы жауапты кездесу өткізеді, деп жазады клубтың ресми сайты.
Осы матч алдында «Астана» футбол клубы бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Алғашқы кездесуден кейін бізде қарсылас команда туралы ақпарат жеткілікті. Сондықтан, барынша жауапты ойнауға тырысамыз. Және қарсылас командада бір аптаға жуық бізге қарсы дайындалуға уақыт болды. Біз ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз.
- Есепті ұстап қалуға тырысасыз ба?
- Біз негізінен ойында үстемдік құрып, өз ойынымызды жүргізуге тырысамыз. Себебі, бұл жағдай жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін бірден бір жол. Сондықтан, есепті ұстап қалу туралы ой бізде мүлде жоқ. Біз барынша өзімізге тән ойын үлгісін көрсетіп, қажет кезде шабуылдап, қажет кезде қорғанатын боламыз.
- Ең бастысы гол жібермеу ме, әлде, гол соғу ма?
- Ең бастысы, барынша көп гол соғып, қақпаны құрғақ сақтай білу. Бұл жерде бірінші кезекте өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу. Футболда әрқашан бірінші орында кездесу нәтижесі тұрады. Одан кейін, кез-келген команда ілгері жылжып, ойын үлгісін жақсартуы қажет.
- Ұзақ жолдан кейін команда қалыпқа келіп үлгерді ме?
- Бірінші кезекте уақыт айырмашылығы аздап сезіліп жатыр. Оны тіпті футболшылардан бөлек, өзім де аздап сезіп жатырмын. Дегенмен, осы жаққа ұшып келуімізді, орналасуымызды жоғары деңгейде ұйымдастырған клуб басшылығына ерекше алғыс білдіргім келеді.
- «Сутьескаға» ойын тізгінін беру арқылы, қорғаныста сенімді ойын көрсетуге дайынсыз ба?
- Менің ойымша, допты бақылауда ұстап, ойын тізгінін қолына ала білетін, шабуылда да, қорғаныста да сәтті ойнайтын команда ғана үздік шығады. Қарсылас команданың ертеңгі кездесуде қалай ойнайтындығы олардың өздеріне ғана мәлім. Мен бірінші кезекте өз командамның ойынына мән беремін. Біз ертеңгі кездесуде лайықты нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.
- Қай команданың келесі кезеңге шығу мүмкіндігін жоғары бағалайсыз?
- Мен ешқашан қандай команданың фаворит, кімнің мүмкіндігі қаншалықты екендігі туралы ойламаймын. Шын айтамын. Мен бірінші кезекте өзіміздің қалай жақсы ойын көрсетуіміз туралы ойлаймын. Біздің футболшылармен жасап жатқан жұмысымыз да осыған бағытталған. Ол туралы ойлаудың да қажеті жоқ. Барлығын ертең алаңда көреміз. Ал кімнің фаворит, қай команданың мүмкіндігі жоғары... Бұл туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын.