«Астананың» - «Сутьеска» кездесуінде португалиялық қазылар төрелік етеді

«Астананың» - «Сутьеска» кездесуінде португалиялық қазылар төрелік етеді

«Астана» футбол клубы 18 шілдеден 19-ына қараған түнде, Астана уақытымен 00:00-де УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>елордалық клубтың ресми сайтына<span> </span>сілтеп.

Осы ойынға Портулагиялық төреші Жоао Педру Пиньейру қазылық етеді. Рефери негізінен ішкі чемпионат және Кубок ойындарын басқарады. Өткен маусымда Португалия Кубогы аясындағы «Порту» - «Спортинг» матчын төреші қазылық еткен айтулы кездесулердің бірі деуге болады. Сол ойында Педру Пиньейру 6 сары қағаз көрсеткен, сондай-ақ «арыстандардың» жартылай қорғаушысы Маркос Акуньяны алаңнан қуған. 

Еурокубоктарда Жоао негізінен іріктеудің бірінші раундтарында жұмыс істейді. Атап айтқанда, өткен маусымда «Домжале» (Словения) –«Флора» (Эстония) кездесуінде, сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» - «Тотенхем» матчында төрелік еткен. 

Бір қызығы, «Сутьеска» - «Астана» кездесуі португалиялық рефери үшін Чемпиондар лигасы аясында алғашқы ойын болмақ. 

Алдағы матчта оған жерлестері — Руй Барбоса Таварес мен Бруно Кампос Родригес көмектеседі. Кездесудің резервтегі төрешісі — Витор Фернандес Ферейра.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или