«Жарты жыл өмірім қалды»: Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ауруға шалдықты

«Жарты жыл өмірім қалды»: Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ауруға шалдықты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Морев аты жаман ауруға шалдыққанын мәлімдеді.
44 жастағы спортшы Facebook парақшасында медицина қызметкерлерінің диагнозын жариялады. Nur.kz-тің ақпарат бойынша Моревтің ісігі бар.

Футболшының айтуынша, ол жарты жыл ғана өмір сүре алады.

«Ақтөбе сен үздік клубсың. Қош, сау бол. Өлгім келмейді. Бірақ, бұл өмір», - деп жазды футболшы.
Айта кетейік, Андрей Морев екі дүркін Қазақстан чемпионы, 2005 жылы Республиканың үздік қақпашысы атанды. Кезінде «Жеңіс», «Ақмола», «Экібастұз», «Тобыл», «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или