«Тобылға» атақты «Ливерпуль» мен «Реалда» доп тепекен шабуылшы келді
Қостанайлық «Тобыл» командасы 25 жастағы аргентиналық шабуылшы Хуан Лесканоны жалға алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшы жас кезінде жақсы талантымен көзге түсіп, 2009-2011 жылдары атақты «Ливерпуль» және «Реал Мадридтің» жастар құрамасында өнер көрсеткен. Алайда, ересектер арасындағы өресі Ресей біріншілігінен аса алған жоқ. Ол бұған дейін «Аль-Ахли» (БАӘ), швейцариялық «Лугано» мен ресейлік «Енисей», «СКА-Хабаровск» және «Анжи» командаларында доп тепті.

Өткен маусымда «Анжи» сапында 21 матч өткізіп, 5 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или