Манучарян мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін
«Аякс» командасының бұрынғы ойыншысы Эдгар Манучарян жазғы трансферлік терезеде Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.
Шабуылшыға чемпионаттың үздік алтылығында тұрған үш команда қызығушылық танытып отыр. Олардың біреуі Еуропа лигасының іріктеуіне қатысатын клуб.
<span>Манучарян</span> Ереванның «Пюник», Амстердамның «Аякс» клубтарында доп тепкен. Сондай-ақ, голландиялық танымал клубтар <span>«Харлем» және АГОВВ командаларында өнер көрсетті.</span>
<span>2018 жылдың мамыр айының соңына дейін 31 жастағы шабуылшы «Уралдың» (РФПЛ) қатарында болды. Ол командамен келісім мерзімі аяқталғаннан кейін Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Ресей мен Қазақстан клубтарынан түскен ұсыныстарды қарастыруда.<br /></span>