Аргентина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Аргентина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Аргентинаның бас бапкері өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Өйткені Хорхе Сампаоли бастаған жігіттер Ресейдегі доп аламанында басты фавориттердің бірі саналған. Бірақ плей-офф кезеңінен әрі аса алмады. Айтпақшы, оларды ширек финалға жібермеген Франция құрамасы болатын. Бірақ Хорхе Сампаоли мен жергілікті футбол қауымдастығы арасындағы келісімнің үзілуіне нақты не себеп болғаны белгісіз. </span>

<span>Белгілісі, ол 2022 жылға дейін Аргентина құрамасын жаттықтыруы керек болатын және келісімнің уақытынан бұрын тоқтатылғаны үшін 58 жастағы бапкер миллиондаған доллар өтемақы алуы тиіс. </span>

<span>Айта кетейік, Хорхе Сампаоли бұл қызметке 2017 жылдың маусымында тағайындалды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или