Әлем футболы

Хорватиялық футболшы барлық ауылдастарының несиесін жауып берді

Хорватиялық футболшы барлық ауылдастарының несиесін жауып берді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич басында несиесі бар ауылдастарының барлық қарызын өтеп берді.

Жартылай қорғаушы Анте Ребич туып-өскен ауылда қазір 500-ге тарта адам тұрады.

«Ребич Сплит маңындағы елді мекенде туып-өсті. 19 жасында Италияның «Фиорентина» клубына кеткен болса да, тамыр жайған топырағын ұмытпады. Кішігірім ауылдың басында несиесі бар барлық тұрғындарының қарызын төлеп берді», - деп жазады Vijesti басылымы.

Айта кетейік, Ребич Хорватия сапында Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатының 6 кездесуіне қатысып, Аргентина қақпасына бір гол соқты. Кеше, 15 шілдеде Хорватия құрамасы Франциямен финалдық ойында кездесіп, мундиальдың күміс жүлдесін иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер