«Қайрат» кезекті үш ұпайын алды

«Қайрат» кезекті үш ұпайын алды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» қабылдаған.

Матчтың бірінші таймында жанкүйерлер гол көре алған жоқ. Есесіне екінші таймның басында Дэвид Мавутор гол соқты. Талдықорғандықтардың өкінішіне қарай, ол өз қақпасын дәл көздеді. Ал 66-минутта Мартон Эппель алматылық команданың екінші голын соқты.

Тек матчтың соңына таман Елжас Алтынбеков есеп айырмасын қысқартты. Бірақ таразы басын теңестіруге уақыт жеткіліксіз болған. Қорытынды есеп – 2:1, «Қайрат» өз алаңында үш ұпай алды.

Осы ойыннан кейін «Қайрат» 44 ұпаймен екінші орында келеді. Алайда алматылық ұжым алты ұпайға алда тұрған «Астанадан» екі матч кем өткізді. Ал «Жетісу» 22 ұпаймен 6-сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или