Бельгия Англияны жеңіп, қола жүлдеге ие болды
Бельгия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін болған тартыста Англия құрамасын жеңді.
Ойын «Санкт-Петербург» стадионында өтті және 2: 0 есебімен аяқталды.

Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа өз қақпасы аумағынан алаңның орта шебінде жүрген Насер Шадлиге пас тастады. Ол да ағылшындар қақпасы маңындағы Тома Мёньеге бағыттады. Менье гол соғып, бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Соңғы нүктені Тома Менье қоюы тиіс болатын. Дегенмен оның 20 метрдей жерден тепкен добын Англия қақпашысы Джордан Пикфорд қайтарды. Дегенмен ол 82-минутта өзімен бетпе-бет шыққан Эден Азарға тосқауыл бола алмады.

Осылайша Бельгия өз тарихында тұңғыш рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Бұған дейінгі олардың аталмыш доп додасындағы ең жоғары жетістігі - 1986 жылғы әлем біріншілігінде төртінші орын алуы.
Бельгия – Англия - 2:0
Голдар: Томас Менье(4), Эден Азар(82).
Құрамалар тізімі:
Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Компани, Вертонген, Мунье, Тилеманс, Витсель, Шадли, Де Брёйне, Азар, Лукаку.
Англия: Пикфорд, Роуз, Джонс, Стоунс, Магуайр, Триппьер, Дайер, Дельф, Лофтус-Чик, Стерлинг, Кейн.
Бас төреші: Алиреза Фагани (Кашмар, Иран).
14 шілде. Санкт-Петербург. «Санкт-Петербург» стадионы.