ҚКФЛ «Қайрат» пен «Ертісті» Еуропа Лигасындағы нәтижелерімен құттықтады

ҚКФЛ «Қайрат» пен «Ертісті» Еуропа Лигасындағы нәтижелерімен құттықтады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы УЕФА Еуропа Лигасындағы алғашқы ойындарын сәтті өткізген «Қайрат» және «Ертіс» футбол клубтарын құттықтады.

«Бәсі биік алматылық «Қайрат» андорралық «Энгордани» командасын ұтты. Алматылықтар қарсыластың қақпасына үш гол соғып, айтарлықтай басымдыққа қол жеткізді. Қарымта кездесуде де Қазақстан Кубогының иегерлері жанкүйерлерді әдемі ойынымен қуантады деп сенеміз.  

«Ертіс» қорғаныста сенімді ойын көрсетті. Павлодарлық футболшылар есеп ашуға тым жақын болды. Алайда, қақпасына гол жібермей, бір аптадан кейін өтетін қарымта кездесуде келесі айналымға өту мүмкіндігі арта түсті.

Еурокубоктың алғашқы аптасының қорытындысы бойынша біздің клубтар үш ойында жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы УЕФА-ның клубтың турнирлеріне қатысып жатқан қазақстандық командалардың барлығына сәттілік тілейді», - деп жазылған хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или