Еуропа лигасы. «Ертіс» сырт алаңдағы сегіз матчтың алтауында гол соға алмады
Павлодарлық «Ертіс» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда литвалық «Тракаймен» тең тарқасты – 0:0.
86-минутта Сергей Кисляк пенальтиді пайдалана алмаған еді. Осылайша, «Ертіс» Еуропа лигасында сегіз рет сырт алаңда ойнап, оның алтауында гол соқпаған. Павлодарлық клуб «Халадаш», «Ягеллония», «Левски», «Широки Бриег», «Црвена Звезда» және кешегі «Тракай» қақпасынан саңлау таба алмаған. Сырт алаңдарда «Ертіс» тек «Металлург Рустави» мен «Дунава» қақпасына ғана гол соққан.
Енді «Ертіс» пен «Тракай» арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Павлодарда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или