«Қайрат» Еуропаға жорығын сәтті бастады
«Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Андоррада өткен ойында алматылық ұжым алаң қожайындарының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алдымен 5-ші минутта «Эндоргани» ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Арада 20 минут өткенде Бауыржан Исламхан пенальтиден мүлт кетпеді. Ал матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда «Қайраттың» жаңа ойыншысы Эппель есепті 3:0-ге дейін жеткізді.
Еуропа Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі
«Энгордани» - «Қайрат» - 0:3
Голдар: Вагер өз қақпасына (0:1), Исламхан (0:2), Эппель (0:3)
«Энгордани»: Кока, Вагнер, Сельяй, Рафаель Бриту, Спана, Родригес, Поуса, Фабиу Серра, Гомес, Мигель Руис, Туре
«Қайрат»: Плотников, Бато, Сүйімбаев, Әліп, Исламхан, Исаэль, Соколенко, Эсеола, Элек, Аршавин, Фелипе