«Ертіс» - көк, «Тракай» - жасыл жейдемен өнер көрсетеді

«Ертіс» - көк, «Тракай» - жасыл жейдемен өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

12 шілде күні таңертең Вильнюс қаласындағы Литва футбол федерациясының ұлттық стадионында Еуропа Лигасы іріктеу кезеңі аясындағы «Тракай» мен «Ертіс» командалары арасында өтетін ойын алдындағы жиналыс өтті. УЕФА делегаттары барлық бөлімдердің дайындығы мен командалардың өнер көсететін форма түстерін анықтады.

Литва елінің намысын қорғайтын «Тракай» бұл кездесуде ашық жасыл түсті жейдеде өнер көрсетеді. Екі команда да, қақпашылары үшін қара түсті таңдағандықтан, біздің голкипер экипировкасы күлгін түсті нұсқаға ауыстырылады деп шешілді. Ал, павлодарлықтардың алаңдағы ойыншылары көк түсті формада шығады.

Бас төреші Фабиу Верисимудың ысқырығы Вильнюс қаласы бойынша сағат 19:00, ал Астана уақыты бойынша 22:00 шалынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер